ҚР Елтаңбасы авторларының бірімен кездесу ұйымдастырылды — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

ҚР Елтаңбасы авторларының бірімен кездесу ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 3 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы базасында «Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ – мен бірлесіп, ҚР Елтаңбасы авторларының бірі, еңбек сіңірген сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібековпен кездесу ұйымдастырды. 

Кездесуге қалалық орта, арнаулы оқу орындарының студенттері мен қалалық еріктілердің қатысуымен өтті.

Іс-шараның мақсаты — аға мен жас буын арасындағы байланысты нығайту, олардың сабақтастығын қамтамасыз ету, ұлттық құндылықтарды сақтау және жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу болып табылады.

{gallery}2021news/03.06.21{/gallery}