echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Отбасылық биатлоннан жарыс өтті
«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының қызметалушылары арасында бірінші рет отбасылық биатлоннан жарыс өтті. Айта кету қажет, спорттық іс-шара Отбасы күні мерекесі аясында өткізіліп жатыр. Сайысқа 15 отбасы ат салысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок табыс етілді. Ал қатысушыларға сыйлықтар таратылды. 9 мен 11 жас аралығындағы кейбір балалар биатлон жаттығуларына тегін қатыса алады.
❇️Жарыс «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы және Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасымен @sport_basqarmasy_astana , Қазақстан биатлон Федерациясымен, Астана қаласының биатлон Федерациясы @biathlon_kaz, сондай-ақ, №2 Балалар — жасөспірімдер спорт мектебімен @sdussh_2 бірлесіп өткізілді.
Іс- шараның негізгі мақсаты Отбасы күнін мерекелеу аясында балалар мен ата-аналар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
