Құрметті әріптестерім! — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Құрметті әріптестерім!

Құрметті әріптестерім!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әлеуметтік салада аянбай еңбек етіп, қоғамның әлсіз топтарына көмек көрсетіп жүрген Сіздердің еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз арқылы мыңдаған адамның өміріне үміт сыйланып, болашағына жарық жол ашылуда.

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығында 60-тан астам маман осы салада қызмет етіп келеді. Жыл басынан бері 38 мыңнан астам азамат орталықтың көмегіне жүгініп, түрлі бағыттар бойынша қолдау алды. Әлеуметтік көмек көрсету ісінде үкіметтік емес ұйымдар, медициналық мекемелер, құқық қорғау органдары мен басқа да серіктестеріміз белсенді атсалысуда.

Әлеуметтік қызметкер – бұл тек мамандық емес, бұл – жүректің шақыруы. Жанашырлық пен жауапкершілікті қатар алып жүретін, әр адамның мұңына бейжай қарамайтын жандардың кәсібі.

Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, қажырлы еңбектеріңіздің жемісін тілеймін. Еліміздің игілігі жолында жаңа биіктерге жете беріңіздер!

Құрметпен,

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя»

Отбасы институтын қолдау орталығының директоры

Б.О. Айтпаев