«Жанұяда» девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдермен жұмыс істеу мәселелері бойынша педагогтарға арналған семинар-тренинг өтті — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

«Жанұяда» девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдермен жұмыс істеу мәселелері бойынша педагогтарға арналған семинар-тренинг өтті

«Жанұяда» девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдермен жұмыс істеу мәселелері бойынша педагогтарға арналған семинар-тренинг өтті

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығында екі күн бойы ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын жоба аясында «Мамандардың девиантты мінез-құлықтағы балалармен өзара әрекеттесуге кәсіби дайындығын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары» атты семинар-тренинг өткізілді.

Семинарды академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің философия және психология факультетінің ғалымдары – психология ғылымдарының кандидаты, профессор Әлімбаева Р.Т., педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Баймұқанова М.Т., психология магистрі Барикова А.Р. жүргізді.

«Девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдермен жұмыс істеудегі педагогтардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру» бағдарламасы орталық мамандарының кәсіби білімін, дағдыларын және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталды.

Қатысушылар девиантты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктерімен танысып, алдын алу және түзету әдістерін меңгерді, сондай-ақ рефлексия, ерік-жігер және коммуникативтік толеранттылықты дамытуға арналған тәжірибелік жаттығулардан өтті. Бағдарлама соңында қатысушыларға әдістемелік материалдар мен сертификаттар табысталды.

Мұндай семинарлар орталық мамандарының кәсіби дамуына, эмоционалдық күйзелістің алдын алуға және жасөспірімдер үшін қолайлы әрі қауіпсіз кеңес беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.