echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
«Заң және тәртіп» нарративі аясындағы семинар-тренинг: отбасылық зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу
«Заң және тәртіп» нарративі аясындағы семинар-тренинг: отбасылық зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығының Азаматтарды құқықтық қамтамасыз ету және заң көмегін көрсету бөлімі мен Психологиялық көмек көрсету бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, «Заң және тәртіп» нарративі аясында «Отбасылық зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кәмелетке толмағандар арасындағы буллингтің алдын алу, қоғамда өзара сыйластық пен зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Семинар жұмысына құқықтық және психологиялық көмек көрсету саласының мамандары, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ Астананың «Сарыарқа», «Алматы», «Сарайшық», «Байқоңыр», «Есіл», «Нұра» аудандарынан келген отбасылар қатысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға бейнероликтер көрсетіліп, «Көрінбейтін зорлық-зомбылық» тақырыбындағы кинотерапиялық жаттығулар өткізілді.
Әр спикердің баяндамасынан кейін интерактивті пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.
Спикерлер «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында адам құқықтарын қорғау»,
«Буллингтің алдын алу бағытындағы шаралар» және
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыптарында баяндамалар жасады.
Спикерлер Нағима Бексұлтанова – Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя отбасын қолдау орталығы» КММ психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы, Талғат Мушанов – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімінің бас инспекторы, Мадина Шолықбаева – Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ әлеуметтік сүйемелдеу бөлімінің басшысы, Ұлбосын Муұсабекова – Астана қаласы Нұра ауданы Полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының инспекторы, Гүлмира Ахметова – Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы ПБ ҚҚБ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, полиция майоры болды.
Іс-шара соңында қатысушылар қоғамда зорлық-зомбылықсыз өмір салтын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және өзара сыйластық мәдениетін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай семинарлар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
