Встреча с подучетными пробации прошла в Центре поддержки института семьи «Жанұя» — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Встреча с подучетными пробации прошла в Центре поддержки института семьи «Жанұя»

Пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесу «Жанұя» отбасылық институтты қолдау орталығында өтті

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасылық институтты қолдау орталығында пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесу өтті. Іс-шара «Заң және тәртіп» нарративі аясында ұйымдастырылып, пробацияда тұрған тұлғалардың құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталды.

Кездесуді Астана қаласы прокуратурасы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен, Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» орталығымен және «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-мен бірлесіп өткізді.

Кездесу барысында Астана қаласы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Дүйсембаев Н.Н., Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» орталығы директорының орынбасары Бельденова К.А., сондай-ақ «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің әлеуметтік осал топтармен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Имашева М.С. пробациялық бақылауды сақтау тәртібі мен шарттарын түсіндірді.

Қатысушыларға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек алу тәртібі, мерзімінен бұрын шартты түрде босату, жұмыспен қамту, түнгі уақытта жұмыс істеу мүмкіндігі, оқуға жолдану, мектепке дейінгі және орта білім алу, медициналық көмек алу, сондай-ақ несиені қайта қаржыландыру, сот және соттан тыс банкроттық рәсімдері бойынша сұрақтарға жауаптар берілді.

Мұндай кездесулер пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға бейімделуіне, әлеуметтік интеграциясына және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.