Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығына халықаралық сарапшылардың сапары — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығына халықаралық сарапшылардың сапары

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығына халықаралық сарапшылардың сапары

Кеше ЕО-ның Қауіпсіздік секторын басқару және реформалау тетігі (SSG/R) аясында жүзеге асырылып жатқан Жоба шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығында халықаралық және ұлттық сарапшылардан құралған делегация болды.

Орталыққа EUSSG/R Facility аға халықаралық сарапшысы Верена Лахоузен, аға ұлттық сарапшы Назгүл Ерғалиева, Астана қаласы ПД УОБ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Алмагүл Исмағұлова,полиция майоры Алия Жүсіпова келді.

Қонақтар орталықтың қызметімен, көрсетілетін қолдау түрлерімен және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесу механизмдерімен танысты.

Жобаның басты мақсаты – жәбірленушілердің мүдделеріне бағытталған, гендерлік тұрғыдан сезімтал және институционалданған механизмдер арқылы Қазақстанның жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылықты (ЖГЗ) және тұрмыстық зорлық-зомбылықты (ТЗ) алдын алу, анықтау және оған ден қою әлеуетін арттыру, сондай-ақ бұл процестерді халықаралық және ЕО стандарттарына сәйкестендіру.

Қонақтарды Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» орталығы директорының орынбасарлары М.Р. Байгенжин мен Қ.А. Белденова қарсы алып, орталықтың жұмыс қағидаттары жөнінде түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.