«16 күн бойы зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимыл» халықаралық науқаны аясындағы арт-терапия шеберлік-класы — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

«16 күн бойы зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимыл» халықаралық науқаны аясындағы арт-терапия шеберлік-класы

«16 күн бойы зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимыл» халықаралық науқаны аясындағы арт-терапия шеберлік-класы

27 қараша күні сағат 16:00–17:00 аралығында КГУ «Жанұя» мекемесінде «Баланың көзімен әлем» атты арт-терапия бойынша шеберлік-класы өтті. Іс-шараға 11–17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты.

Шеберлік-кластың спикері — арт-терапия және психологиялық қолдау бойынша маман Екатерина Васильченко. Ол қатысушыларға шығармашылық арқылы өз сезімдерін білдіруге, ішкі ресурстарын сезінуге және әлемге балалық тәжірибе тұрғысынан қарауға мүмкіндік берді.

Жасөспірімдер бояулармен, пішіндермен, әртүрлі текстуралармен жұмыс істеп, сонымен қатар метафоралық карталарды қолданды. Мұндай әдістер қауіпсіз және жұмсақ орта қалыптастырып, өзін тереңірек түсінуге және маңызды тақырыптарды талқылауға жағдай жасайды.

Аталған шеберлік-класы балалардың эмоционалдық әл-ауқатын қолдауға, олардың өз ішкі ресурстарын табуына және өзін-өзі тану дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Екатерина Васильченкоға кәсібилігі, зейіні мен сезімталдығы үшін шын жүректен алғыс айтамыз.

Сенім мен жылулықты қалыптастыру талантының арқасында бұл шеберлік-класы шынымен мағыналы болды.