echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг өтті
Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг өтті
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» дүниежүзілік акциясы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараны орталықтың азаматтарға құқықтық көмек көрсету бөлімі мен психологиялық көмек бөлімі бірлесіп өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты — тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық құндылықтарды нығайту.
Іс-шара барысында Астана қаласы Полиция департаментінің тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Алмагүл Исмагұлова сөз сөйлеп, азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызын атап өтті.
«Біз күн сайын тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жағдайларға куә боламыз. Адамдар қайда жүгіну керектігін және заң аясында қандай қорғау шаралары бар екенін білуі өте маңызды», — деді ол.
«Үміт» дағдарыс орталығы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Айгүл Шамшатова әлеуметтік қолдау түрлерімен таныстырып өтті. Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының бас инспекторы Талғат Мұшанов құқықтық ағартудың қоғам үшін өзекті екенін атап өтті. «Әкелер одағы» РҚБ қалалық филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай отбасындағы әкенің рөлі және шығыс халықтарына тән әкелер мектебі туралы ой бөліссе, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі-Өмірзақова Клара өзінің жұмысы мен комиссияның рөлі туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол біздің күрделі уақытта отбасылар мен әйелдерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Орталық психологтары эмоцияларды басқару, уытты жағдайларды анықтау және қауіпсіз мінез-құлық стратегияларын қалыптастыру бойынша тренингтер өткізді. Заңгер мамандар қорғаныс ұйғарымдарын алу тәртібі, сот тәжірибесі және қолжетімді сервис түрлері жайлы сұрақтарға жауап берді.
Осындай іс-шаралар қоғамда зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қалыптастыруға, отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді. «Жанұя» орталығы азаматтарды қиын жағдайларда қолдау және профилактикалық бағдарламаларды дамыту бойынша жұмысын жалғастырады.
