echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өмірлік қиын жағдайға түскен азаматтарға арналған семинар-тренинг өтті
Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өмірлік қиын жағдайға түскен азаматтарға арналған семинар-тренинг өтті
Семинарды Орталықтың психологиялық көмек көрсету бөлімі ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — қатысушылардың эмоциялық тұрақтылығын арттыру, ішкі мотивациясын күшейту және жеке шекараларды сау қалыптастыруға көмектесу.
Семинарға үш спикер қатысып, өз тәжірибесімен және кәсіби білімдерімен бөлісті.
Семинарға Ирсалиева Сания Камбарқызы — «Центр Элит» баспа директоры, «Tchibo Kazakhstan» ЖШС директоры, Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, «Атамекен» ҚКП-ның Астана қаласы іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, «Eligai» қоғамдық бірлестігінің президенті қатысып, «Әйел күші: іштен басталатын мотивация» тақырыбында Сания Камбарқызы әйелдің ішкі сенімінің маңызын атап өтті:
— «Әйелдің күші — ең алдымен оның өзіне деген сенімі. Өз құндылығын сезінген әйел өмірін өзгертуге және айналасындағыларға шабыт беруге қабілетті», — деді спикер.
Шуликова Лиана Сергеевна — дипломды тәжірибелі психолог «Өзіндік құндылық — психо-эмоциялық тұрақтылықтың құралы» тақырыбында баяндама жасады.
Оның айтуынша, өзін бағалау — адамның кез келген қиындықты жеңе алуына мүмкіндік беретін тірек.
— «Адам өз қадірін сезінсе, өмірдің түрлі сынақтарына төтеп бере алады. Бұл — ішкі тепе-теңдікке бастайтын алғашқы қадам», — деп атап өтті психолог.
Айтуғанова Дана Амангелдіқызы — жасанды санамен жұмыс істейтін халықаралық EYWAlution орталығының негізін қалаушы «Жеке шекаралар — өзіңе және өзгеге деген құрметтің негізі» тақырыбында сөз сөйледі.
— «Жеке шекаралардың анықтығы — бұл қаталдық емес, бұл ең алдымен өз сезімдеріңе, өз уақытыңа және айналаңдағы адамдарға деген құрмет», — деді ол.
Семинар жылы атмосферада өтіп, қатысушылар мамандардан пайдалы кеңестер алып, өз сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасты.
