echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында алимент өндіру алгоритмі бойынша кеңес өтті
«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында алимент өндіру алгоритмі бойынша кеңес өтті
Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, «Атамекен» Астана қаласы Кәсіпкер әйелдер межсалалық кеңесінің төрайымы Сания Қамбарқызы Ирсалиеваның шақыруымен «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында қызмет алушыларға арналған кеңес өткізілді.
Кеңесті заңгер Айжан Нұрланқызы Ташенова «Алимент өндіру алгоритмі: өтініштен орындауға дейін» тақырыбында жүргізді. Сарапшы алимент өндіруге қатысты өтініш беруден бастап сот процесінің кезеңдері мен орындау өндірісінің ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ Айжан Ташенова өмірлік маңызды көптеген сұрақтарға жауап берді.
Айжан Ташенова – бұрынғы судья, бұрынғы прокурор, @mentor.for.lawyers блогында заңгерлерге тәлімгер, @alina_partners негізін қалаушы.
.
