Азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

Азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және пробация есебінде тұрған азаматтардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында бүгін қала прокуратурасының бастамасымен «Пробация есебінде тұрған азаматтарға арналған бірыңғай қолдау күні» акциясы өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен бизнес-қоғамдастық өкілдері келушілерге әлеуметтік-құқықтық, медициналық және басқа да кешенді консультациялық көмек көрсетті.
Акцияға «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалының өкілдері, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Астана қаласының Әділет департаменті, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, «Еңбек мобильдігі орталығы», сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының мамандары қатысып, азаматтарға кеңес берді.