Тәуелсіздік күнімен құттықтау — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Тәуелсіздік күнімен құттықтау

Құрметті әріптестер!
Сіздерді еліміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихы – қуатты мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы жарқын жетістіктер мен жасампаз істердің жарқын шежіресі.
Әлемнің саяси картасында егемен мемлекет ретінде бой көтерген бұл күн – ынтымағы жарасқан халқымыз үшін қастерлі мереке. Сондықтан Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, мемлекеттілігіміздің мәңгі болуына үлес қосу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Еліміздің табысты дамуы, ең алдымен, әрбір шаңырақтағы береке мен бақтан басталады. Осы тұрғыда Сіздер атқарып жүрген әлеуметтік жұмыстың маңызы ерекше екенін атап өткім келеді.

Береке-бірлігіміз артып, көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!

Ізгі ниетпен,
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығының директоры
Б. О. Айтпаев

#Тәуелсіздіккүні