Балаларға арналған мәдени іс-шара — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Балаларға арналған мәдени іс-шара

Балаларға арналған мәдени іс-шара

Балалар қиял мен сиқырға толы «Аладдин туралы шытырман оқиға» музыкалық қойылымын тамашалады.

OzgeEpic креатив хабының қолдауымен ұсынылған 100 билет арқылы Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығының әлеуметтік қолдаудағы балалар тобы BIZ шығармашылық бірлестігі сахналаған музыкалық қойылымға бару мүмкіндігіне ие болды.

Қойылым барысында сахнада ертегілік атмосфера, әуезді музыка мен шынайы эмоциялар үйлесім тауып, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады. Іс-шара балалардың мәдени дамуына оң ықпал етіп, жарқын әсер мен қуанышқа толы сәтке айналды.