«Жанұяда» Жаңа жылдық іс-шара — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

«Жанұяда» Жаңа жылдық іс-шара

«Жанұяда» Жаңа жылдық іс-шара

Бүгін Астана қаласындағы «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығында әлеуметтік сүйемелдеуде тұрған отбасылардың балаларына арналған жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті.

Жаңа жылдық ертеңгілік Amity Club Astana анимациялық компаниясының қолдауымен тегін ұйымдастырылып, ал ДОС-ортопедия компаниясы 80 балаға жаңа жылдық сыйлықтарды тегін табыстады. Бұл игі бастама балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, олардың жүрегіне жылулық пен сенім ұялатуға бағытталды.

Мерекелік бағдарламада Аяз ата мен Ақшақар, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қойылымдар көрсетіліп, интерактивті ойындар мен билер ұйымдастырылды. Сондай-ақ балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталып, естелік фотосессия өткізілді.

Іс-шараның маңыздылығын атап өткен «Жанұя» орталығының директоры Айтпаев Б.О.:

«Жаңа жыл — әрбір бала үшін ерекше үміт пен ғажайыпқа толы кезең. Біздің басты мақсатымыз — әлеуметтік қолдаудағы отбасылардың балаларына мерекелік көңіл күй сыйлап, олардың өзін қоғамның маңызды бөлігі ретінде сезінуіне мүмкіндік беру», — деді.

Орталық басшысының айтуынша, мұндай іс-шаралар балалардың эмоционалдық әл-ауқатын нығайтып, мейірімділік пен қамқорлықтың маңызын арттыруға ықпал етеді.