echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
«Республика күні мен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» мерекелік іс-шарасы ⚜️
«Республика күні мен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» мерекелік іс-шарасы ⚜️
Бүгін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Республика күні мен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Шараның мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін айшықтап, қоғамның әлсіз топтарына қамқор болып жүрген әлеуметтік сала қызметкерлерін марапаттау және олардың еңбегін дәріптеу болды.
Іс-шара барысында қатысушыларды орталық директоры Айтпаев Бақтияр Оралұлы және Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері құттықтады. Әлеуметтік салада абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкерлерге Алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік жиын әсем әнмен, жылы лебіздермен және естелік суретке түсумен аяқталды.
Іс-шараның басты мақсаты – мейірім мен ізгілікті дәріптеу, әлеуметтік қызметкерлердің қоғамдағы рөлін арттыру және олардың еңбегіне лайықты құрмет көрсету.