«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл»


«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл»
(25 қараша — 10 желтоқсан) халықаралық акциясы аясында

2025 жылғы 25 қарашада «Хан-Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында Нұра ауданы ПБ ҚҚБ Тұрмыстық зорлық-зомбылық қарсы бөлімшесі қызметкерлері халықтың тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылық мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық-ағартушылық іс-шара өткізді.

Іс-шара келушілеріне:
• зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша мамандардың кеңестері;
• Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы заңнама нормаларының түсіндірмелері;
• қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған интерактивті іс-әрекеттер ұсынылды.

Іс-шараның мақсаты — қоғамның назарын зорлық-зомбылықтың алдын алудың маңыздылығына аудару, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Келушілерге тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында анонимді түрде жүгінуге болатын қызметтердің байланыстары көрсетілген ақпараттық буклеттер таратылды.

Іс-шара Бірінші «Еуразия» арнасында және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.