echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
«Жанұя» отбасыны қолдау орталығында қарт адамдарға арналған Ашық есік күні өтті





2026 жылғы 16 қаңтарда КММ «Жанұя» отбасыны қолдау орталығында қарт азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қала тұрғындары әлеуметтік қамсыздандыру, мұрагерлік құқық, тұрғын үй және отбасылық қатынастар, сондай-ақ өзге де өзекті құқықтық мәселелер бойынша білікті заңгерлік кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
Құқықтық кеңестерді құқықтық қамтамасыз ету және заңгерлік көмек көрсету бөлімінің мамандары, сондай-ақ Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаттары көрсетті: Козакова Е. Ю., Бегембетова А. С., Джандыбаева Г. М., Махметова А. А.
Мұндай іс-шаралар қарт азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ әлеуметтік қолдау жүйесін нығайтуға бағытталған.