echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Конституцияның жаңа Жобасында еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты

2026 жылғы 30 қаңтарда көпшілік талқысына ұсынылған Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасы – ел дамуының жаңа кезеңіне бағытталған маңызды қоғамдық құжат. Бұл жоба қоғамның басты тірегі саналатын отбасы институтының рөлін күшейтуге ерекше мән беруімен құнды.
Конституциялық өзгерістерде отбасының, ананың, әкенің және баланың құқықтарын қорғау, олардың әл-ауқатын арттыру мәселелері нақты әрі жүйелі түрде қамтылған. Мұндай ұстаным қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, болашақ ұрпақтың сапалы дамуына берік негіз қалайды.
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығының ұжымы ұсынылған бастамаларды толық қолдайды. Отбасы құндылықтарын сақтау мен дамытуға бағытталған бұл өзгерістер мемлекеттік және қоғамдық институттардың бірлескен жұмысына жаңа серпін береді деп сенеміз.
Айтпаев Б.О.
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығының директоры