Конституциялық реформа бойынша түсіндіру жұмыстары — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Конституциялық реформа бойынша түсіндіру жұмыстары

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» КММ орталық қызметкерлеріне арналған жұмыс жиналысы өтті.
Жиналыс барысында Азаматтарды құқықтық қамтамасыз ету және заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы Е.Д.Есбулганов 2026 жылы басталуы жоспарланып отырған Қазақстан Республикасындағы Конституциялық реформа мәселелері бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Конституциялық реформаның мәні мен мақсаты, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сот және құқықтық жүйені жетілдіру, халықаралық келісімдердің рөлі, азаматтардың басқару процесіне қатысуы және референдум арқылы жаңа Конституцияны қабылдау мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиналыс қорытындысында қызметкерлер Конституциялық реформаның негізгі бағыттарымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға толық әрі нақты жауап алды.
#КонституциялықРеформа #ҚұқықтықСана #ЗаңҮстемдігі #АзаматтықҚоғам #ЖанұяОрталығы #Астана#ҚұқықтықМәдениет #Референдум #АдамҚұқықтары