«Жанұя» орталығы мен гештальт-терапия маманы арасындағы жаңа әріптестік — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

«Жанұя» орталығы мен гештальт-терапия маманы арасындағы жаңа әріптестік

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды қадам жасалды.

Орталық директорының орынбасары Бельденова Камшат Аманбаевна мен ERGT сертификатталған гештальт-терапевт, гештальт-әдісіндегі оқыту және терапиялық бағдарламалардың тренері Васильева Лидия Петровна гештальт-терапия әдісі бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум шеңберінде қазақ және орыс тілдерінде әртүрлі әлеуметтік топтарға арналған лекциялық, терапиялық және білім беру іс-шараларын ұйымдастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, орталық мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Гештальт-терапия. Өзіңмен және өзгелермен байланыс» мамандану курсы бойынша оқыту көзделген.

Аталған ынтымақтастық отбасы институтын қолдау жүйесін нығайтуға, психологиялық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.