Жаңа Конституция жобасының негізгі қағидалары Астана қаласындағы «Жанұя» орталығында талқыланды — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Жаңа Конституция жобасының негізгі қағидалары Астана қаласындағы «Жанұя» орталығында талқыланды

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаларын талқылауға арналған жиын өтті.
Жиынды Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы директорының міндетін атқарушы Байгенжин Мейрам Русланұлы ашып, қатысушыларды таныстырды. Іс-шараға Астана қаласы мәслихатының депутаты Қ.Ғ.Естек және Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары А.Т.Таласова қатысты.
Жиын барысында жаңа Конституция жобасында неке мен отбасының ең жоғары құндылықтар ретінде бекітілетіні, сондай-ақ мемлекеттің ресми тіркелген некені ғана мойындайтыны атап өтілді. Отбасы ұғымы ер мен әйелдің өзара ерікті әрі тең құқылы одағы ретінде айқындалатыны айтылды.
Өз сөздерінде спикерлер бұл қағидалардың отбасы институтын нығайтуға, қоғамдық жауапкершілікті арттыруға және болашақ заңнамалық бастамаларға нақты бағдар беруге бағытталғанын жеткізді. Конституцияда бекітілетін бұл нормалар заңды неке мен отбасы құндылықтарын дәріптеуге негіз болатынына сенім білдірілді.