echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Дана Уахитова «Лила» трансформациялық ойынын өткізді
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасын қолдау орталығында өзін-өзі тануға бағытталған «Лила» трансформациялық ойыны өтті. Ойынды жүргізген — Дана Уахитова, көне «Лила» ойынының жүргізушісі. Іс-шараға Орталықтың ауыр өмірлік жағдайдағы отбасыларымен жұмыс істейтін әлеуметтік блок қызметкерлері қатысты.
«Лила» ойыны 72 күйге негізделген және адамның ішкі процестерін терең түсінуге бағытталған. Ойынның басты шарты — шынайы ниетті дұрыс қалыптастыру. Себебі дәл осы ниет трансформация үдерісінің бастамасы болып табылады.
Ойын барысында қатысушылар:
өз ішкі күйлерін тереңірек түсінуге;
кәсіби және жеке сұрақтарын зерделеуге;
жаңа ресурстар табуға;
эмоционалдық тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік алды.
Дана Уахитова — Астанадағы «Лила» ойынының жүргізушісі, көпбалалы ана. Ол бұл көне ойынды адамның өмір сапасын жақсартуға, маңызды сұрақтарға жауап табуға және саналы өзгеріске жетуге арналған құрал ретінде қолданады.

