echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Беларусь делегациясы Астанадағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына барды
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы базасында Беларусь Республикасынан келген делегациямен кездесу өтті.
Жұмыс кездесуі Senim Qogamy қоғамдық қоры тарапынан ЮНФПА қолдауымен «Отбасына қолайлы жұмыс орны» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.
Делегацияны Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының директоры Б.О.Айтпаев қарсы алды. Қонақтарға орталық бойынша экскурсия ұйымдастырылып, мекеменің қызметі, негізгі жұмыс бағыттары және отбасыларды қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар таныстырылды.
Кездесу барысында қатысушылар отбасына қолайлы еңбек ортасын қалыптастырудың заманауи тәсілдерін талқылап, отбасы институтын қолдау және әлеуметтік бастамаларды дамыту саласындағы кәсіби тәжірибелерімен және табысты кейстерімен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық тәжірибе алмасудың және әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Осындай сапарлар отбасы институтын қолдау саласындағы тиімді тәжірибелерді таратуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
