echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Аязды күндері «Жанұя» орталығы отбасыларға көмір таратты
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы қатты аяз кезінде орталықтың қызмет алушыларына көмір тарату бойынша қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Шараның негізгі мақсаты — қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету және қыс мезгілінде олардың үйлерінде жылу болуына көмектесу.
Акция Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігінің және «Сакр» қайырымдылық қорының қолдауымен өтті. Көмірмен қамтамасыз етуді «BLACK GOLD COMPANY.Ltd» ЖШС жүзеге асырды.
«Жанұя» орталығы әлеуметтік жауапкершілік танытып, отбасыларды қолдауға үлес қосқан серіктестеріне шынайы алғысын білдіреді.
