Астанада «Жанұя» орталығында Оқырмандар клубының алғашқы отырысы өтті — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астанада «Жанұя» орталығында Оқырмандар клубының алғашқы отырысы өтті

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығында Оқырмандар клубының алғашқы отырысы өтті.
Аталған бастама Наурыз мейрамы қарсаңында орталықта ашылған кітапхананың жұмысын жандандыру мақсатында қолға алынған. Кітапхана Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу» қағидасын негізге ала отырып ашылған.
Іс-шараны орталықтың ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ә.Р. Бөлекова ашып, қатысушылармен кітап оқу тәжірибесімен бөлісті.
Клуб отырысы барысында орталық қызметкерлері оқыған кітаптары, кітапхана қорынан алған әсерлері және өздеріне ерекше әсер еткен кейіпкерлер туралы пікір алмасты.
Аталған бастама қызметкерлер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ кітапхананы заманауи білім және рухани даму орталығына айналдыруға бағытталған.