echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
«Жанұяда» Ашық есік күні ұйымдастырылды
Астана қаласында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы мен Әділет департаментінің бірлесуімен азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған Ашық есік күні өтті.
Бүгінгі Ашық есік күнін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы мен Астана қаласы Әділет департаменті бірлесіп Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беру және тұрғындар мен құқық саласының мамандары арасында ашық диалог алаңын қалыптастыру.
Кездесу барысында келушілер өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардан кеңес алып, нақты түсіндірмелерге қол жеткізді.
Аталған іс-шараға келесі мамандар қатысты:
– Смағұлов Бауыржан – аға сот орындаушысы
– Наурызбаева Айнел Елеуовна – адвокат
– Жұмағатова Марал Қасымбековна – нотариус
Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтарын қорғауға, олардың құқықтық мәдениетін арттыруға және мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.