echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Заманауи технология – әлеуметтік қызметтің жаңа кезеңі
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығында қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған кезекті маңызды оқу ұйымдастырылды. Бұл жолы орталық қызметкері Алдияр Таласов әріптестеріне нейрожелілермен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын түсіндіріп, тәжірибелік сабақ өткізді.
Бүгінгі таңда жасанды интеллект пен нейрожелілер түрлі салаларда кеңінен қолданылып келеді. Осыған байланысты орталық қызметкерлері де заманауи технологияларды меңгеруге ерекше назар аударып отыр. Оқу барысында қатысушылар теориялық біліммен қатар, практикалық дағдыларды да игеруге мүмкіндік алды.
Сабақтың ерекшелігі – интерактивті форматта өтуінде болды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Сонымен қатар, Алдияр Таласов ЛЭД экран арқылы презентация жасау, графикалық кестелерді құру, суреттерді жаңартып, оларды анимациялық форматқа келтіру жолдарын жан-жақты көрсетті.
Бұл оқыту бағдарламасы қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың жұмыс тиімділігін де жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді. Заманауи технологияларды меңгеру – бүгінгі күннің талабы. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатыны сөзсіз.