Кітап күніне орай тағылымды кездесу өтті — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Кітап күніне орай тағылымды кездесу өтті

Астана қаласындағы «Жанұя» отбасын қолдау орталығында Кітап күні қарсаңында мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Орталыққа «Хабар» телеарнасының жүргізушілері арнайы келіп, балалармен кездесті.
Іс-шара аясында «Теледидарда жүргізуші болу жолы» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Кездесу барысында қатысушылар тележүргізуші мамандығының ерекшеліктерімен танысып, эфирдегі жұмыс, сөйлеу мәдениеті және камера алдында өзін ұстау дағдылары жөнінде кеңінен мағлұмат алды.
Сонымен қатар, қонақтар балаларға «Хабар» телеарнасы атынан сыйлықтар табыстады. Орталық жанынан құрылған оқырмандар клубына кітаптар сыйға беріліп, наурыз айында ашылған кітапхана қоры толықтырылды.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Кітап күніне орай өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби бағдар беруге бағытталған.