echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ!
Құрметті отандастар, елорда тұрғындары мен қонақтары!
Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – ерлік пен батырлықтың, елге деген адалдықтың белгісі. Тәуелсіз Қазақстанның тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген барша әскери қызметшілерді, ардагерлерімізді және өз шаңырағының қорғаны болған азаматтарды мақтан тұтамыз.
«Жанұя» орталығының атынан сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Отанымыздың аспаны ашық, елдігіміз бекем, егемендігіміз баянды болсын.
Отан қорғау – қасиетті борыш. Еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Құрметпен,
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры Б.О. Айтпаев