echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Конституцияда көзделген өзгерістерді түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті.
Кездесу барысында Азаматтарды құқықтық қамтамасыз ету және заң көмегін көрсету бөлімі басшысы м.а. Айнагүл Аршкенова жаңа Конституцияда қарастырылған негізгі өзгерістер мен олардың қоғам өміріне ықпалы туралы жан-жақты баяндады.
Талқылау барысында саяси жүйені жаңғырту, мемлекеттік басқару құрылымындағы өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, цифрлық ортадағы құқықтық кепілдіктер, сондай-ақ экономикалық және кәсіпкерлік саласына қатысты жаңашылдықтар сөз болды.
Сонымен қатар қатысушылар жаңа Конституцияның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтық қорғалуын нығайтуға бағытталған негізгі қағидаттарымен танысты.
Орталық ұжымы Конституциялық өзгерістердің мазмұнын түсіндіру жұмыстары азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.