6 шілде – Астана күні құтты болсын! — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

6 шілде – Астана күні құтты болсын!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді ұлттық мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы, елдің бірлігі мен жасампаздығының, тұрақты дамуы мен жарқын болашағының символы. Бүгінде бас қаламыз қарқынды дамып, заманауи келбетімен әлемге танылып, әрбір қазақстандықтың мақтанышына айналып отыр.

Осынау мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, береке-бірлік, бақ-дәулет тілеймін. Елордамыздың гүлденуі мен өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Астана әрдайым өсіп-өркендеп, халқымыздың игілігіне қызмет ете берсін!

Құрметпен,

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығының директоры Б.О. Айтпаев