echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Астана күніне арналған мерекелік мәдени іс-шара өтті
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығында Астана күніне арналған мерекелік мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік жиын барысында қатысушылар Астана күнімен құттықталып, елордамыздың еліміздің дамуындағы айрықша орны атап өтілді. Астананың тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі мен жарқын болашағының символы екені айтылып, Сарыарқаның төрінде бой көтерген сәулетті қаланың дамуына әр азаматтың өз үлесін қоса беруінің маңыздылығы сөз болды.
Концерттік бағдарламада ұлттық өнер мен мәдениетті дәріптеген ән-күй кеші өтті. Елорданың мәдениетін дамытуға өз үлесін қосып жүрген өнерпаздар көрерменге әсерлі өнер тарту етті. Атап айтқанда, Мейіржан Әбдіқадыр халық әні «Үкілі қызды» орындады. «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Олжас Жандарбек «Жас қалам» және «Әкешім-Анашым» әндерін орындады. Халықаралық байқаулардың лауреаты Мейрам Айтмағанбетов домбырамен күй орындаса, халықаралық байқаулардың лауреаты Шахризада Тыныштық «Көктем вальсі» әнін шырқады. Халықаралық байқаулардың лауреаты Әділет Сейітқұлов қобызбен күй орындады. «Мәдениет саласының үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Алтыншаш Мұқатаева «Мереке» және «Бабалардың үні бар» әндерін орындады.
Іс-шара барысында Астана күнімен қатар шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Ұлттық домбыра күнінің маңызы ерекше аталып өтіп, ұлттық құндылықтар мен рухани мұраны дәріптеуге басымдық берілді.
Мерекелік кеш Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындыланды. Бұл әнді халықаралық байқаулардың лауреаты Нұрсәт Алмас орындады.