Бухгалтерлік есеп және Мемлекеттік сатып алу бөлімі
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Бухгалтерлік есеп және Мемлекеттік сатып алу бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеті мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық процестердің бухгалтерлік есебін жүргізу болып табылады. Жедел басшылық пен басқару үшін, сондай-ақ Басқармаға мәліметтер беру үшін қажетті орталықтың Қаржы-шаруашылық қызметі туралы толық және шынайы ақпаратты қалыптастыру; жоспарды, шарттық міндеттемелерді орындауға, негізгі және айналым қаражаттарын сақтау мен пайдаланудың тиімділігіне бағытталған Орталықтың қаржылық қызметін ұйымдастыру; Бухгалтерлік, салықтық, статистикалық есептілікті жасау және оны тиісті органдар мен басқармаларға белгіленген тәртіппен ұсыну; қаржылық, есепке алу тәртібін сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру; бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеу және мұрағатқа беру; Орталықтың басқа қызметтерімен бірлесіп дұрыстығын тексеруге қатысу Орталық ішінде материалдар мен жабдықтардың түсуін және жіберілуін есепке алу, сақтау; Тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау мен босатуды ресімдеудің белгіленген ережелерінің сақталуын бақылау; Ақшалай қаражаттарды, тауар-материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін түгендеу орталығының басқа қызметтерімен бірлесіп жүргізу; ақшалай қаражат пен тауар-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ұрлануы бойынша материалдарды ресімдеу. Тиісті жағдайларда бұл материалдардың сот және тергеу органдарына берілуін бақылауды жүзеге асыру;