Азаматтарды құқықтық қамтамасыз ету және заң көмегін көрсету бөлімі — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Заң көмегін көрсету

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя отбасы институтын қолдау орталығы «КММ заң көмегін көрсету бөлімі өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін заңгерлік қызмет көрсетеді.

Орталық ашылған сәттен бастап (2019 жылдың тамызынан 2025 жылдың қаңтарына дейін) заң көмегіне жүгінген (санын көрсету) адам.

Бөлім келесі қызметтерді көрсетеді:

Құқықтық мәселелер бойынша консультациялар,
Талап арыздарды дайындау және беру,
Соттарда азаматтардың мүдделерін білдіру,
Құрылтай құжаттарындағы өзгерістерді ресімдеу және тіркеу,
Шарттық дауларды реттеуге көмектесу.
Азаматтар заң көмегіне жүгінетін ең көп кездесетін мәселелер:

Ажырасу, мүлікті бөлу, алимент даулары жағдайында құқықтарды қорғау;
Еңбек заңнамасы мәселелері бойынша консультациялар (жұмыстан босату, еңбек даулары) ;
Тұрғын үй заңнамасы мәселелеріне көмек (жалға алу, көшіру);
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
Әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктер алу үшін құжаттарды ресімдеу;
Мұра және өсиеттерді ресімдеу мәселелері бойынша консультациялар;
Әкімшілік құқық бұзушылықтарға байланысты мәселелерде қолдау көрсету.
Заңгерлер бөлімі барлық мұқтаждар үшін құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша белсенді жұмыс істейді.