«Сарыарқа» ауданы әкімі азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді. — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

«Сарыарқа» ауданы әкімі азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Ағымдағы жылдың 4 қазанында Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Сарыарқа» ауданы әкімі Жүсіп Рахатұлы Жұмағұлов азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.



Азаматтарды қабылдау барысында аула аумақтарын абаттандыру, жалға берілетін үй-жайға қатысты, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы басқа да мәселелер қаралды.





Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің, әкім орынбасарларының азаматтарды қабылдауы әр сейсенбі күні сағат 16:00-де жүргізіледі. Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-23-23, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.