Ағымдағы жылдың 8 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы базасында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды автомобиль көлігімен (инватакси) тасымалдау мәселесі бойынша жиналыс өтті.
Жиналыстың мақсаты — мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдауды ұйымдастыру қызметін жетілдіру.
Жиналысқа Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының «Nur Otan» партиясы фракциясы басшысы, мәслихат депутаттары, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысы, сондай-ақ қалалық үкіметтік емемс ұйымдарының өкілдері қатысты.
{gallery}2021news/08.06{/gallery}