Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау Орталығының қызметі туралы Брифинг — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау Орталығының қызметі туралы Брифинг

2025 жылғы 18 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау Орталығының қызметі туралы қорытынды брифинг өткізілді, онда Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшылығы Скуб Илья Васильевич және «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының басшысы Айтпаев Бахтияр Оралұлы қатысты. Іс-шараны елорданың коммуникация қызметі ұйымдастырды.

Брифингте орталықтың 2024 жылғы және 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің қорытындылары жеткізілді, сондай-ақ Орталықтың миссиясымен, рөлімен таныстырды және өзекті статистикалық деректерді ұсына отырып, көрсетілетін қызметтер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Брифинг қорытындысында өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдаудағы жұмысымыздың маңыздылығын тағы да атап өтті. Алда орталықтың қызметін дамытуға және кеңейтуге бағытталған жаңа жобалар мен бастамалар тұр. Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыз!