2025 жылғы 23 сәуірде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» кездесуі өтті
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

2025 жылғы 23 сәуірде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» кездесуі өтті
2025 жылғы 23 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің “Жанұя” отбасы институтын қолдау орталығында Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция басқармасының офицері Әйгерім Аңсағанова азаматтарды құқықтық қамтамасыз ету және заңгерлік көмек көрсету бөлімінің мамандарымен бірлесіп кездесу өтті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша одан әрі шаралар, қаржылық бақылау органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер кешені түсіндірілді, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының ережесіне сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын тиімді пайдалану бойынша бірқатар ұсынымдар енгізілді.