echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Құрметті әріптестер! Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1990 жылғы 25 қазанда қабылданған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды. Бұл күн – мемлекетіміздің егемендікке ұмтылған тарихи шешімінің символы, халқымыздың еркіндікке деген аңсарының айғағы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!»»– деген сөзі әрқайсымыз үшін бағдаршам іспетті.
Тәуелсіздік алғаннан бері еліміз әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтап, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Құрметті қауым!
Республика күні мерекесі құтты болсын! Әрбір отбасыға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке, елімізге бейбіт өмір тілеймін! Еңбектеріңіз жана берсін, келешегіміз кемел болсын!
Құрметпен,
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» КММ директоры Б.О. Айтпаев