echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Награждена медалью «Еңбек ардагері»
Еңбек ардагері медалімен марапатталды
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні қарсаңында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы КММ бухгалтерлік есеп бөлімінің бухгалтері Аубакирова Бақыт Жұматаевна әлеуметтік еңбек саласындағы елеулі еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Аубакирова Бақыт Жұматаевна 1977 жылдың шілде айында еңбек жолын Целиноград қаласындағы Кеңес аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясында негізгі қызмет бойынша инспектор болып бастаған. 1994 жылдың мамыр айынан бастап халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде абыройлы еңбек етіп келеді.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-де бас бухгалтер қызметін атқарды. 2023 жылдың ақпан айында Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ-не бухгалтер болып қабылданды.
Ұжымның ықыласына бөленген Аубакирова Бақыт Жұматайқызының еңбекке адалдығы мен әлеуметтік саладағы көпжылдық кәсіби қызметі жоғары бағаланды.

