echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы мен Senim Qogamy қоғамдық қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана қаласында Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы мен Senim Qogamy қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумды «Жанұя» орталығы директорының орынбасары Бельденова К.А. және Senim Qogamy қорының жетекшісі Смышляева Ю.Д. қол қойды.
Құжаттың мақсаты – отбасы институтын нығайту, ата-аналық мәдениетті арттыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру.
Анықтама:
Senim Qogamy қоғамдық қоры 2023 жылы құрылған. Қор алғашқы күннен бастап балалардың қауіпсіздігі, ата-аналарды оқыту және отбасы құндылықтарын дәріптеу саласында белсенді қызмет атқарып келеді.
Қордың бастамасымен Senim балалар қауіпсіздігі мектебі жұмыс істейді. Мұнда балалар, ата-аналар мен ұстаздарға үйде, көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіз мінез-құлық ережелері үйретіледі.
Қордың білім беру саласындағы бірегей авторлық бағдарламалары:
• «Балаларға арналған қауіпсіздік мектебі» оқу бағдарламасы (ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған);
• «Отбасылық өмірге дайындық» факультативтік курсы;
• «Сенім үшбұрышы» әдістемелік құралы;
• 50-ден астам авторлық тренингтер.
2025 жылы қор ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің үш жылдық грантын жеңіп алып, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттау жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруда.
Осы грант аясында Ата-аналар академиясы құрылды — бұл ата-аналарды, сарапшылар мен мемлекеттік құрылымдарды біріктіретін білім беру платформасы.
Senim Qogamy қоғамдық қоры отбасы мен балалық шақты қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда сенімді серіктес болып табылады.