Ашық есік күні туралы ақпарат — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Ашық есік күні туралы ақпарат

Ашық есік күні туралы ақпарат

2025 жылғы 28 қараша күні сағат 15:00-де азаматтарға құқықтық қамтамасыз ету және заңгерлік көмек көрсету бөлімі мамандарының, сондай-ақ Астана қаласы Әділет департаменті шақырған мамандардың, Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаттарының, жеке сот орындаушыларының, Заң консультанттары палатасының заңгерлерінің және Астана қаласының нотариустарының қатысуымен Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларды толғандырған мәселелер бойынша жедел әрі білікті заңгерлік кеңес беру болды. Қатысушылар өз сұрақтарына кәсіби түсініктеме алып, құқықтық сипаттағы түрлі мәселелер бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Ашық есік күні азаматтардың құқықтық қолжетімділік деңгейін арттыруға және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етті.