Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өмірлік қиын жағдайға түскен азаматтарға арналған семинар-тренинг өтті — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өмірлік қиын жағдайға түскен азаматтарға арналған семинар-тренинг өтті

Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өмірлік қиын жағдайға түскен азаматтарға арналған семинар-тренинг өтті

Семинарды Орталықтың психологиялық көмек көрсету бөлімі ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — қатысушылардың эмоциялық тұрақтылығын арттыру, ішкі мотивациясын күшейту және жеке шекараларды сау қалыптастыруға көмектесу.

Семинарға үш спикер қатысып, өз тәжірибесімен және кәсіби білімдерімен бөлісті.

Семинарға Ирсалиева Сания Камбарқызы — «Центр Элит» баспа директоры, «Tchibo Kazakhstan» ЖШС директоры, Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, «Атамекен» ҚКП-ның Астана қаласы іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, «Eligai» қоғамдық бірлестігінің президенті қатысып,  «Әйел күші: іштен басталатын мотивация» тақырыбында Сания Камбарқызы әйелдің ішкі сенімінің маңызын атап өтті:

— «Әйелдің күші — ең алдымен оның өзіне деген сенімі. Өз құндылығын сезінген әйел өмірін өзгертуге және айналасындағыларға шабыт беруге қабілетті», — деді спикер.

Шуликова Лиана Сергеевна — дипломды тәжірибелі психолог «Өзіндік құндылық — психо-эмоциялық тұрақтылықтың құралы» тақырыбында баяндама жасады.

Оның айтуынша, өзін бағалау — адамның кез келген қиындықты жеңе алуына мүмкіндік беретін тірек.

— «Адам өз қадірін сезінсе, өмірдің түрлі сынақтарына төтеп бере алады. Бұл — ішкі тепе-теңдікке бастайтын алғашқы қадам», — деп атап өтті психолог.

Айтуғанова Дана Амангелдіқызы — жасанды санамен жұмыс істейтін халықаралық EYWAlution орталығының негізін қалаушы «Жеке шекаралар — өзіңе және өзгеге деген құрметтің негізі» тақырыбында сөз сөйледі.

— «Жеке шекаралардың анықтығы — бұл қаталдық емес, бұл ең алдымен өз сезімдеріңе, өз уақытыңа және айналаңдағы адамдарға деген құрмет», — деді ол.

Семинар жылы атмосферада өтіп, қатысушылар мамандардан пайдалы кеңестер алып, өз сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасты.