echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Астанада «Жанұя» орталығында балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік бағдарлама өтті
Астанада «Жанұя» орталығында балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік бағдарлама өтті
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығында әлеуметтік сүйемелдеудегі отбасылардың балаларына арналған жаңа жылдық мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың мәдени демалысын ұйымдастыру және отбасылық құндылықтарды нығайту.
Бағдарлама аясында Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театрының әртістері қатысып, қазақ және орыс тілдерінде театрландырылған қойылым көрсетті.
Мерекелік шарада балалар Аяз ата мен Ақшақармен кездесіп, Сарайшық, Алматы, Байқоңыр аудандары әкімдерінің аппараттары мен жеке тұлғалар әзірлеген жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ қатысушылар үшін естелік фотосессия ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара балалардың мәдени дамуына ықпал етіп, жағымды эмоциялар мен жарқын әсер сыйлауға бағытталды.