echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Жаңа 2026 жыл құтты болсын!
Жаңа 2026 жыл құтты болсын!
Қымбатты әріптестер!
Баршаңызды жанымызға шаттық пен қуаныш сыйлайтын Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл — әрқайсымыз үшін жаңа үміттер мен жарқын жоспарларға жол ашатын ерекше мереке. Жыл қорытындыланар сәтте өткенге көз жүгіртіп, атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы мақсат-міндеттерімізді айқындаймыз.
Өткен жылда біз бірлесе отырып елеулі нәтижелерге қол жеткіздік деп нық сеніммен айта аламын. Бұл — әріптестеріміздің жоғары кәсібилігі мен табанды еңбегінің жемісі. Тағы бір мәрте көз жеткіздік: елдің өсіп-өркендеуі мен қоғамның дамуы — әрқайсымыздың адал еңбегіміз бен ортақ жауапкершілігімізге тікелей байланысты.
Алдағы уақытта да әрдайым біліктілігімен, еңбекқорлығымен ерекшеленіп жүрген ұжымымыздың елорда тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды жобаларды табысты жүзеге асыратынына сенім білдіремін. Жаңа жыл біздің ортақ жетістіктеріміздің тағы бір маңызды кезеңі боларына күмәнім жоқ.
Құрметті әріптестер!
Жаңа жыл әр шаңыраққа береке, тыныштық пен жылулық әкелсін. Отбасыларыңызға амандық, ынтымақ, мол қуаныш, ал алдағы жылға толағай табыс пен игі бастамалар тілеймін!
Құрметпен,
Астана қаласы әкімдігінің
«Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығының директоры
Б.О. Айтпаев