echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен Репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Жанұя» орталығында «Менің репродуктивті денсаулығым — менің күшім» атты тренингі өтті.

Спикерлер:
🔹 Рашхан Сыдайқызы — жоғары санатты дәрігер, «Rashmed» ЖШС қазақ медицина орталығының директоры және бас дәрігері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесінің» мүшесі;
🔹 Наталья Владимировна Мунько — Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 қалалық емхана» ШЖҚ МКК штаттан тыс балалар гинекологі.
Тренингке Орталықтың қызмет алушылары мен жұмыскерлері, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі» ШЖҚ МКК студенттері қатысты.
🔹 Шара барысында әйелдердің репродуктивті денсаулығы, аурулардың алдын алу, отбасын жоспарлау, ана рөлінің бала өміріндегі маңызы мен отбасылық құндылықтардың қоғамдағы үйлесімділікті қалыптастырудағы орны туралы маңызды мәселелер талқыланды.
Саналы көзқарас, денсаулық пен отбасы — басты назарда