15 мамыр – Халықаралық отбасы күні — Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

«Берекелі шаңырақ – елімізді үйлесімді әрі орнықты дамытудың мызғымас кепілі», – деп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, әр отбасы – қоғамның негізі, мемлекеттің тірегі.
Осы атаулы күнге орай «Жанұя» орталығында әлеуметтік сүйемелдеудегі отбасыларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл игі бастама – отбасы құндылықтарын насихаттап, ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды.
Іс-шара аясында:
🌿 «Бәрі отбасынан басталады» атты мотивациялық-психологиялық тренинг өткізіліп, қатысушылар өмірлік маңызға ие құндылықтар туралы ой бөлісті.
💫 Отбасылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, рухани қолдау алды.
🤝 Шара соңында әр отбасыға азық-түлік түрінде демеушілік көмек көрсетіліп, шынайы жанашырлық пен қамқорлықтың үлгісі көрсетілді.

Бұл күн – тек мереке ғана емес, әр отбасының маңызын сезініп, махаббат пен сыйластықты жаңаша бағалау күні.

Отбасы – өмірдің бастауы, ізгілік пен мейірімнің мәңгі мекені.