echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Астанадағы «Жанұя» орталығы мұқтаж жандарға көмек көрсетеді
Астанадағы «Жанұя» орталығы мұқтаж жандарға көмек көрсетеді
Астанада көп жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы бүгінде ел бойынша үлгілі қызмет атқарып келеді. Қазір осы орталықтың моделі басқа өңірлерге енгізіліп жатыр. Бұл – халықпен жұмыс істеудің нақты, жүйелі форматы.
Тек 2025 жылдың алғашқы тоқсанында орталыққа 18 148 адам жүгініп, 19 328 сұрақ бойынша кеңес алған. Соның ішінде:
403 азаматқа заңгерлік және медиаторлық көмек көрсетілді;
87 адамға психологиялық қолдау берілді;
7 355 өтініш портал арқылы қабылданып,
2 869 адам портал бойынша кеңес алды;
Әлеуметтік сүйемелдеуге 26 отбасы алынып, олардың да мәселесі оң шешімін тапқан.
Орталыққа кімдер жүгіне алады?
Көпбалалы отбасылар
Жалғызбасты аналар/әкелер
Мүгедектігі бар адамдар мен отбасылар
Кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар
Қиын жағдайға тап болған кез келген азамат.
Сондай-ақ орталықтың базасында FSM Social мобильді қосымшасы апробациядан өтуде. Бұл жүйе полиция, денсаулық сақтау, білім беру салаларымен бірігіп, көмек қажет отбасыларды ерте анықтауға бағытталған.
Мен, мәслихат депутаты ретінде, орталықпен тығыз байланыстамын. Азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге атсалысып жүрмін.