echo $args['title']; ?>
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығы
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Балаларды қорғау күніне орай және Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен ұйымдастырылған «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында «Әкем — тірегім, анам – жүрегім» атты Ашық есік күні өтті.
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Балаларды қорғау күніне орай және Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен ұйымдастырылған «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында «Әкем — тірегім, анам – жүрегім» атты Ашық есік күні өтті.
📌 Іс-шараның мақсаты — отбасылық құндылықтарды нығайту, ата-аналар мен балалардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ орталықтың бала құқықтарын қорғау жүйесіндегі маңызды буын ретінде ашықтығын көрсету.
👨👩👧👦 Шараға орталықтың қызмет алушылары — отбасылар, әлеуметтік қызметтер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
🎉 Ашық есік күні бағдарламасына кірді:
▪ концерттік және театрландырылған қойылымдар,
▪ балаларға арналған байқаулар, ойын алаңдары мен шеберлік сабақтары,
▪ заңгерлерден оқу-консультациялар,
▪ бала құқықтары мен ата-аналық мәселелер бойынша ақпараттық аймақтар,
▪ полиция мен ТЖД өкілдерінің қатысуымен өткен «Қауіпсіз балалық шақ мектебі» атты интерактивті алаң.
👕 Мерекелік атмосфераны ерекше толықтырған — Асел Омардың футболкалар мен гипстік мүсіндерді қолдан бояуға арналған шығармашылық шеберлік сабағы, балалар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
🚒 Сарыарқа ауданының АҚБ аға лейтенанты жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары бойынша сөз сөйлеп, балалар мен ата-аналарға ыстық ауа райы, су және ашық от көздері туралы ескерту жасады.
🪟 Сарыарқа ауданының ювеналды полиция учаскелік инспекторы жазғы уақытта балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізді.
🔹Ашық есік күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.
🧸 Іс-шараға демеушілік көмек көрсеткендер:
— «Детский мир» дүкені, ойыншықтар мен кеңсе тауарларын ұсынды,
— UNICEF балалар қоры, бала құқықтары мен қауіпсіздігі туралы таратпа материалдармен қамтамасыз етті.
❤️ Отбасы, саналы тәрбие және балаларға деген қамқорлық — басты назарда.